Спорт

Қуат Хамитов жоспарланған жекпе-жегінен бас тартты

Қазақстандық ММА спортшысы Қуат Хамитов АСА ұйымының турнирінде ресейлік Алексей Махномен жекпе-жек өткізбейтін болды, деп хабарлайды QANDASTAR порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

АСА ұйымының вице-президенті Асланбек Бадаевтың айтуынша, тараптар келісімшарт шарттары бойынша ортақ шешімге келе алмаған.

«Қуат бастапқыда Махноны айқасқа шақырған еді. Бірақ келісім мәселесінде ортақ нүкте табылмады. Кейін ол тек ақпанда өтетін мерейтойлық турнирге қатысуға дайын екенін айтты. Біз өз тарапымыздан Махномен болатын нақты күнді ұсындық және “егер бұл күн қолайсыз болса, басқа қарсылас іздейміз” дедік. Қазір оған жаңа ұсыныс жасадық, ол қарсыластар тізімін біледі», — деді Бадаев.

Айта кетсек, бұған дейін Қуат Хамитов АСА ұйымындағы алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Анатолий Бойконы төрешілер шешімімен жеңіп, сәтті дебют жасаған болатын. Сол кезде ол октагонда тұрып-ақ Алексей Махноны жекпе-жекке ресми түрде шақырған еді.

Сонымен бірге, Хамитов жақында қазақстандық тағы бір аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтармен бокс ережесі бойынша кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button