Жаңалықтар

«Құдалығымыз құтты болсын!»: Актриса Әлия Ануарбекке сырға салынды

Әлеуметтік желіде актриса Әлия Ануарбекке сырға салынған сәті таспаланған видео тарады, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Ол видеода әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, кейінгі кезде әншілігімен көзге түсіп жүрген продюсер Мөлдір Мұқанованың актриса Әлия Ануарбекке сырға салып жатқанын көруге болады.

«Құлағына сырға салуға келіп қалдық. Сырғамыз салтанатты, құдалығымыз құтты болсын», – дейді Мөлдір Мұқанова.

Еске сала кетейік, актриса Әлия Әнуарбек ең алғаш Ақан Сатаевтың “Ағайынды” телехикаясы, “Жаужүрек мың бала” фильмі арқылы көрерменге танылған актриса.  Көп уақыт үзілістен кейін үлкен киноға оралып, “Бақыт құшағында” мюзиклында басты рольде түсіп жатыр. Актриса сырға салуға қатысты өзі еш ақпарат бермеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close