Жаңалықтар
Күдікті алматылық полицейлердің көлігінен қашып кеткен

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі
Алматы полициясы кеше, 4 желтоқсанда қарауылшы жасақтың (конвой) көлігінен қашып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр, деп жазды qandastar.kz
Ведомствоның мәліметінше, қазір қызметтік тексеру басталды. Бұған кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр деп хабарлады баспасөз қызметі.
Алматы полициясы конвой қызметінің автокөлігінен қашып кеткен ер адамның суреті мен мәліметтерін жариялады.
«Алматы қаласының полициясы 1996 жылы туған Аубакри К.Е. есімді ер адам іздестіріліп жатыр. Ол өткен кеште конвой көлігінен қашып кетті. Іздеудегі адамның белгілері: бойы — 165-170 сантиметр, дене бітімі арықша, шашы қара, көзі қоңыр. Ерекше белгілері: мұрны қисықтау», — делінген хабарламада.
«Қашқынның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер мына телефондарға хабарласуы сұралады:8-701-758-67-60; 8-778-158-54-44; 254-40-42 немесе 102», — делінген хабарламада.