Жаңалықтар

«Күдіктілер іздестіріліп жатыр». Алматыдағы «Мята» лаунж-барда атыс болды

Фото: ашыш дереккөз
Атыс сенбі күні Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы “Мята” лаундж барында болған. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, сот-медициналық сарапшылар келді.

Өткен-кеткендердің айтуынша, төбелес болып, атыс болған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиғаның басқа мәліметтері әзірге айтылған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін 22 тамызда әлеуметтік желіде Түркістан облысыныңҚарабұлақ ауылында «шетелдіктер арасында үлкен атыс болды» деген ақпарат тарағанын жаздық. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі шетелдіктер арасындағы атыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close