Жаңалықтар

«Күйеуі мен енесі қорлық көрсеткен»: 6-қабаттан белгісіз жағдайда құлап мерт болған қыздың жақындары шындықты айтты

Фото: ZTB

Небәрі 21 жасында зорлықтың құрбаны болған Ажар Тәуекелқызы визажист болған. Ол әнші-бишілердің бетін әрлеп, отбасын асыраған, деп хабарлайды qandastar.kz

sn.kz жазғандай,  Марқұмның туыстары қыздары зорлықтың құрбаны болды деп санайды. «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніде балконнан белгісіз жағдайда құлап мерт болған жас келіншектің ұзату тойынан видео тарады. Марқұмның жақындары мен құрбылары  Ажардың жайдарлы, пысық, еңбекқор болғанын айтады. Ажар небәрі 19 жасында өзінің қалауымен ұзатылған. Алайда үнемі күйеуі мен енесінің қорлық—зорлығына ұшыраған. Арада екі жыл өткенде жас ана белгісіз жағдайда мерт болды.

«Екі жыл бұрын ұзатылған. Ол өзінің сыныптасы,  Қарақалпақстаннан келген, оқымаған, құрылыста әртүрлі жұмыстар істеумен айналысқан жігітке тұрмысқа шыққан. Ажардың қыз ұзату тойы болғанмен, үйлену тойы болмаған. Сіңір, қарасирақ күйеуі той да жасай алған жоқ. Сіңілім қалай барды ұзатылып, солай таяқтан көз ашпады. Көп уақыт бізден жасырып келген таяқ жеп жүргенін. Әрең шыдап жүргенін құрбыларына айтқан екен», — деді марқұмның апайы Нұрсәуле Жақып.

Марқұмның тағы бір апайы Кәмшат Тәуекелдің сөзінше, сіңілісі визажист болған, үйін асыраған, енесіне де қараған. Айтуынша, күдікті перінде күйеу балалары қамалған. Алайда жәбірленушілер мереке қарсаңында үйде көп болған және ішімдік ішкен деп отыр.

«2023 жылыдың тамызында ұзатылды, тойын жасадық. Қайтыс боларының алдында үйге, төркініне келіп 78 жастағы апасына гүл берді.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университеттің  3 курсында оқып жатқан. Мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті еді. Күйеуінен қорлық көрді. Ол қазір қамауда, Қарасай ауданында полицияда таныстары бар деп естідік, сот сараптамасымен де келіспейміз. Өзіне қол жұмсау дегені жалған. Себебі, өмірге деген құштарлығы мол еді. Мақсаттары да көп еді. Қылмыстық құрам топпен жасалған деп ойлаймыз. Себебі көршілерімен сұқбат барысында оқиға болған сәтте бірнеше адам болған деген күдік бар. Алайда қазір тек күйеуін ғана күдікті, ол қамауда»,  — деді марқұмның әпкесі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close