Жаңалықтар

Күйеуі мен енесі ұрып-соққан 23 жастағы әйел ауруханада көз жұмды

Фото:m.fishki.net

Жәбірленуші ауыр соққыдан кейін комаға түскен.

Өзбекстанның Аққорған ауданында күйеуі мен енесі ұрып-соққан 23 жастағы жас әйел қайтыс болды, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы.

Azattyq Ryhy сайтының мәліметінше, жәбірленуші ауыр соққыдан кейін комаға түскен. Кейіннен оның күйеуі процессуалдық тәртіпте қамауға алынған.

Ташкент облыстық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, әйел ауруханада медициналық көмекке қарамастан көз жұмды.

«Жәбірленушінің күйеуіне қатысты қозғалған қылмыстық іс Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 126-бабы 1-бөлігі 8-тармағының «г» пункті бойынша қайта сараланды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Бұл оқиға Өзбекстан қоғамында үлкен резонанс туғызды. Құқық қорғау органдарының тергеу нәтижелері алдағы уақытта жарияланады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close