Қазақстандық әнші Бағым Мақсатқызы «Ұшамын» атты жаңа әнін тыңдарманға ұсынды. Жаңа туындысы әлеуметтік желіде бірден қызу талқыға түсіп, түрлі пікір тудырды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Sn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші композицияны ерекше дауыс ырғағымен, сезімге толы жеткізуге тырысқан. Бірі бұл әннен еркіндік пен ішкі серпілісті сезінгенін айтса, енді бірі керісінше, сын-пікірін жасырмады. Желі қолданушыларының арасында «тыңдарман жүрегіне жетті» деген жылы лебіздермен қатар, өткір пікірлер де кездеседі.



