Шоу бизнес

«Күйеуіне де сөз бермейді, аузын аштырмайды»: Динара Сәтжан Парижде жүріп күлкіге қалды

Тележүргізуші әрі блогер Динара Сәтжан Лувр музейінен ұрланған тарихи зергерлік бұйымдарға Франциядағы көшедегі сатушылардың қатысы болуы мүмкін екенін айтқан еді. Сәтжан бұл пікірі үшін жұрт арасында күлкіге қалып, сынға ұшырады, деп жазады qandastar.kz.

Көпшілік:

«Бұл қалай журналист болып жүр?»,

«Өзін ақылды санайтын сияқты»,

«Алдымен Қазақстанда болып жатқан жемқорлық пен ұрлықты айтпай ма? Францияның ұрлығы саған неге керек?»,

«Күйеуіне де сөз бермейді, аузын аштырмайды», — деген секілді теріс пікірлерді көптеп жазған.

Тіпті пікірлерге ренжіген Динара Сәтжан отандық БАҚ жариялаған жаңалыққа жауап та берді.

«Басқа жаңалық жоқ па? Менің Instagram-ым мен storis-ім болғаны қандай жақсы», — деді ол.

Айта кетейік, Париж прокуратурасының мәліметінше, Аполлон галереясындағы батыл тонау кезінде сегіз зергерлік бұйым, оның ішінде изумруд алқа мен Наполеон I-нің жары Мария-Луизаға сыйға тартылған сырғалар ұрланған. Ұрланған әшекейлердің алдын ала белгіленген құны шамамен 88 миллион еуроны құрайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button