Жаңалықтар
«Күйеуіңіз көп ақша тапсын десеңіз, жуылмаған іш киімін иіскеңіз»: бақсы әйелдерге баюдың жолын айтты
Сурет: Видеодан скриншот
Желіде «күйеуіңіз көп ақша тапсын десеңіз, іш киімін иіскеңіз» деген Руслан есімді бақсы көпшіліктің ашуын тудырды. Ол жұлдыздарға, шенеуніктерге кеңес беруші ретінде танылып жүр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, ер адамның көп ақша табуы үшін әйелі оның іш киімін иіскеп тұруы керек.
«Егер күйеуіңіз көп ақша тапсын десеңіз, оның іш киімін жумай тұрып, жақсылап иіскеп алыңыз. Оған өзіңіздің энергияңызды беріңіз. Содан кейін жуып, үтіктеңіз. Осыдан кейін сіздің күйеуіңіз өте көп ақша табатын болады. Сол кезде иерархия сақталады», – дейді бақсы.
Видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Олар «Ақшасыз жүргенім жақсырақ», «Байларымыз көрмесін, күлкіден өліп жатырмын», «Енді қалмағаны сол еді» деп жазды.