Жаңалықтар

Шенеунік сөзінде тұрмады: Балаларға арналған спорт алаңдарының құрылысы тоқтап тұр

Фото: Ашық дереккөз

Өткен жылы «Жаңа адамдар» Атыраудағы құрылысы аяқталмаған 25 спорт алаңының мәселесіне әкімдіктің назарын аударды. Нысандардың құрылысына 1,2 млрд теңге бөлінген, бірақ 5 жыл бойы бұл алаң құрылысы тапсырылмаған. Өткен жылдың көктемінде Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов «Жаңа адамдарға» және елге камера алдында уәде берген. Яғни 2023 жылдың аяғы немесе 2024 жылдың басында спорт алаңдарын балалар пайдалана алатынын айтқан, – деп жазады qandastar.kz

«Халық қаһары» азаматтық кампаниясының белсенділері Нұржан Ермұхановтың уәдесін орындаған-орындамағанын тексеруді құп көрді. Анықталғандай, жарияланған мерзімдердің әлдеқашан өтіп кеткеніне қарамастан, спорт нысандары бұрынғыдай аянышты күйде тұр.

«Халық қаһары» азаматтық кампаниясының белсенділері Нұржан Ермұхановтың уәдесін қозғап, Атырау көшелеріне шықты. Алайда Ермұханов сөзінен тайқып отыр. Айтқанын айтпаған қылып шығарды.

«Егер мәселе неғұрлым созылып кетсе, адамдар оны ұмытып кетеді деп ойламаңыздар. Халық игілігі үшін жұмысты тиімді және адал атқару керек. Жаңа Қазақстанда солай болу керек, – дейді бұл ретте «Халық қаһары» азаматтық компаниясының лидері Алихан Сәрсенов.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close