Жаңалықтар
Күләш Байсейітова атындағы университетке жаңа ректор келді

Фото: ашық дереккөз
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры болып Ғалым Ахмедяров тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz
Ғалым Ахмедяров Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
Бұған дейін «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры (2016–2025), ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, республикалық ұлан Президенттік оркестрінің солисі және ансамбль жетекшісі болған. «Қазақ әуендерін» басқарған.
Ғалым Ахмедьяровқа дейін Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры міндетін профессор Раушан Нұртаза атқарып келді.