ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Құмар ойынға қатысы бар: Қазақстанда алғаш рет Forbes тізіміндегі кәсіпкер қамалды

Қазақстанда алғаш рет Forbes журналының «30/30» рейтингіне енген кәсіпкер қамауға алынды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы  Instagram желісіндегі Syrmedia.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кәсіпкер Игорь Ем — төлем жүйелерімен айналысатын OneVision компаниясының иесі.

Тергеу мәліметінше, оның фирмасы Қазақстан аумағында «Бонами» атауымен жұмыс істеген тыйым салынған Pin Up онлайн-казиносының қаржылық операцияларын жүргізген.

Қаржы мониторингі агенттігінің  дерегіне сәйкес, қазақстандықтар аталған заңсыз онлайн-казинода шамамен 600 млрд теңге ұтылған.

Бір уақыттары азаматтардың құмар ойынға тәуелділігінен мол пайда тапқан кәсіпкер үшін жағдай күрт өзгерді. Құқық қорғау органдары оның қызметіне нүкте қойып отыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button