Журналист Руслан Өтепбай 10 жыл құлдықта болып, кейін басқа кісінің қамқорлығына өткен Құндыздың адам шошырлық суретіне алаңдаушылық білдіріп, дабыл қақты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Журналист Тараз қаласының құзырлы органдарын мәселені назарға алуға шақырды.
«Әлеуметтік желіде Құндыздың қолы мен аяғы, аузы скочталған фото таралып жатыр. Анығын білейін деп, қамқоршысы Зүльфияға хабарластым. Бірақ әңгімесі қисынға келмейді. Байлаған мен емес деп ақталып жатыр. Мен сенбеймін!
Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары, Тараз қаласының полиция департаменті мына мәселені назарға алыңыздар», — дейді журналист.
Руслан Өтепбай Тараздағы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары мен полиция департаментін бұл мәселені назарға алуға шақырды.
Сондай-ақ өзі де тез арада Тараз қаласына жолға шығатынын алға тартты.



