Әлеуметтік желіде 17 жыл құлдықта өмір сүрген Құндыздың журналист Руслан Өтепбайға қатысты бейәдеп сөздер айтып, қоқан-лоқы көрсеткен видеосы тарап, көпшіліктің жағасын ұстатты, деп жазады qandastar.kz сайты Kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Instagram әлеуметтік желісіндегі shymda_ паблигінде жарияланған видеода Құндыздың: “Мен оны пышақтап өлтірем, маған жақсылық жасамай-ақ қойсын” деген сөзі естіледі. Сондай-ақ ол боғауыз сөздер айтып, журналистің атына ауыр сөздер келтіргені айтылып жатыр.
Желі қолданушылары бұл әрекетті түсінбей, түрлі пікір қалдырған. Олардың бір бөлігі: “Руслан осылар үшін шыр-пыр болып жүрсе”, “Жуас шығар деп ойласам”, “Мына сөздерді біреу жаттатып қойған”, “Ішіп алған ба”, – деп жазуда.
Айта кетейік, осыған дейін желіде Құндыздың аяқ-қолы байлаулы күйде жерде қимылсыз жатқан суреті тарап, қоғам назарын тағы да осы іске аудартқанын жазған едік. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін журналист Руслан Өтепбай Таразға барып, зерттеу жүргізген болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



