Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Күніне 4 литр арақ ішетін алматылық әйелдің оқиғасы көпшілікті шошытты

Журналист Жазира Бегалы қоғамдағы кесел жайлы бөлісті, деп жазады qandastar.kz.

 Алматыда есірткі мен алкогольге тәуелді 53 жастағы ер адамға қатысты сот шешімі шығып, ол он ай мерзімге психикалық сауықтыру орталығына мәжбүрлі емдеуге жіберілген. Ер адам өмір бойы алкоголь мен психобелсенді заттарға тәуелді болып келгенін жасырмады.

«Сұхбат барысында ол 16 жасынан бері есірткі қолданып, кейін араққа үйреніп кеткенін айтты. Өз сөзінше, жоғары білімді, жауапты қызметтерде жұмыс істеген, өзін «интеллигент адам» деп сипаттайды. Қазір тұрақты жұмыс істемейді, Алматыда өзіне тиесілі бес пәтерді жалға беріп күн көреді. Оның айтуынша, анасы өмірден өткеннен кейін ішімдікке тәуелділігі күшейе түскен. «Тәкаппарлығымның салдары, эгом орға жықты. Шыңыраудың түбіне өзім жеттім», – деп сыр бөліскен ол енді есірткі мен ішімдіктен толық бас тартуға уәде бергенін айтты, – деп жазды журналист.

Журналист Жазира Бегалының сөзінше, сұхбат алған тағы бір кейіпкер – күніне төрт литр арақ ішетін 47 жастағы әйелдің хикаясы одан да сорақы.

Back to top button