Шоу бизнес

«Құны 140 млн теңге болатын пәтер»: Арман Дүйсеновтің жұбайы ұлының өліміне қатысты неге Тоқаевтан көмек сұрады?

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, марқұм Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арыз жолдап, Алматы қаласы сотының әділетсіз шешіміне қатысты шағымын жеткізді, деп жазады qandastar.kz.
Марқұм Арман Дүйсеновтің жұбайы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында ұлының өліміне қатысты бірқатар деректі ашып айтты.

«2024 жылғы 7 қазанда 21 жастағы ұлым Дүйсен Абылай өзінің пәтерінде, екі қолы байланған және аяғы жерге тірелген күйде, мойнына байланған өлі денесі табылды. Көптеген фактілер анықталғанымен, бұл іске қатысты тергеу әлі нақты қорытындыға келген жоқ.
2025 жылғы 24 қазанда Бостандық аудандық соты менің пәтеріме қатысты әділетсіз шешім шығарып, мені, 13 жасар ұлымды және 83 жастағы әкемді тұрып жатқан пәтерден шығару туралы заңға қарсы шешім қабылдады.
Пәтер үшін дауласып жүрген Мұқаш Санжар ұлым Абылайдың өліміне байланысты жүргізіліп жатқан тергеу барысында «Мен Абылайға тек қарыз ақша бергенмін, пәтерді кепілге алдым» деп нақты мәлімдеген.
Бұл дерек 2024 жылғы 15 қазан және 2025 жылғы 30 шілдедегі тергеу сотының қаулыларында расталған. Демек, сот сатып алу-сату келісімін жарамсыз деп тануы керек еді. Марқұм Абылай мен Мұқаш арасындағы WhatsApp хабарламалардан соңғы 65 млн теңге тек жоғары пайызбен берілгені дәлелденді. Яғни марқұмды, оның мүлдем тиімді емес жағдайға тап болғандықтан, осындай мәміле жасауға мәжбүр еткені анық. Заң бойынша бұл – жарамсыз мәміле.

Мұқаштың 65 млн теңгемен нарық құны 140 млн теңге болатын пәтерді иемденуге әрекет жасағаны айқын көрініп тұр. Алайда сот қылмыстық іс материалдарын сұратпай, зерттемей, біржақты шешім қабылдады. Сонымен қатар, заң бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанда азаматтық дауды тоқтату қажет. Бүгінге дейін ұлым Абылайдың өліміне қатысты тергеу аяқталған жоқ», — деді марқұм Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button