Жаңалықтар
Құны 900 миллион: Сарыарқа хоккей клубы мемлекетке қайтарылды

Қарағандыда заңсыз иемденілген «Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасы мәлімдеді.
«Прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ құны 900 миллион теңге болатын «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды. Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр”, — дейді ведомство.
Айта кету керек, 2023 жылғы 12 шілдеде президент «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойды.