Қазақстанның атынан «Әлем аруы», яғни Miss Grand International байқауына қатысқан қазақ қызы ұлттық киім киемін деп сынға ұшырады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Бейнежазбадан аңғарғанымыз, қазақ қызы халықаралық байқауға қатысқан. Бойжеткен ұлттық нақышта тігілген ерекше дизайндағы көйлекті киіп шықты. Алайда образы жұрттың сынына қалды. Көпшілікті көйлектің ішіндегісі суға түскенде киетін киімге ұқсап кеткені ашуландырды. Желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі қаза киімін қор қылды десе, енді бірі ерекше заманауи үлгі екенін жазды.
“Қай бетімді ұстайын, қазақ болғаным үшін ұялып отырған мен ғана ма?!”, «Мынау не масқара? Қазақтың ұлттық киімі емес», «Ұлттық нақыштағы киімдерге тым ұят ,ия қазір замануи, бірақ дизайнер еліміздің атынан қатысқан қызға дұрыс киім таңдау керек еді», «Купальник киіп алған ба?!», «Дизайнердің етегіне бірдеңе жабыстыруға миы жетпей қалған”, “Қазақтың қызы қашан санын жалтыратып жүрді”, «Ұлттық киімді ғана емес, Қазақтың жалпы ұлттығын қорлап тұр», – деп жазды көпшілік.



