
Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды. Ақорданың мәліметінше, жұмыс тобына Мәжіліс пен Сенат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, саяси партия фракцияларының жетекшілері, белгілі заңгер-ғалымдар мен сарапшылар кірді.
Бір палаталы парламент құрылады
Президент өз Жолдауында елімізде бір палаталы парламент жүйесіне көшу жоспарланғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бастама ұзақ жылдар бойы талқыланып келген және бүгінде елдегі саяси мәдениеттің дамуына байланысты оны қоғам талқысына салу маңызды болып отыр.
«Елімізде парламенттік реформа мәселесі кемінде жиырма жылдан астам уақыт бойы айтылып келеді. Бұл тақырып әлі күнге дейін өзекті. Мемлекеттік жүйе дамып, азаматтардың саяси мәдениеті өсіп келе жатқанын ескере отырып, бұл мәселені халықтың талқысына салу айрықша маңызды», – деді Президент.
Жұмыс тобының құрамы мен жетекшілігі
Жұмыс тобына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жетекшілік етеді. Оның орынбасарлары:
- Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев
- Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев
Жұмыс тобына сонымен қатар құқықтық салада тәжірибесі мол заңгерлер, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, ұлттық құрылтай мүшелері мен саяси партия өкілдері кірді.
Жұмыс тобы мүшелерінің тізімі:
- Айтқожин Қабдолсамих – заң ғылымдарының докторы, Еуразиялық заң академиясының профессоры
- Әзілханов Марат – ҚХА хатшылығының меңгерушісі
- Әубәкірова Индира – Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры
- Бәшімов Марат – Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы
- Бейсенбаев Елнұр – Мәжілістегі «Аманат» фракциясының басшысы
- Бекназаров Нұрлан – Сенат комитетінің төрағасы
- Егізбаев Серік – Мәжілістегі «Ауыл» фракциясының басшысы
- Жаманқұлова Қарлығаш – «Әділ сөз» халықаралық қорының президенті
- Жақаева Лейла – Сот төрелігі академиясының профессоры
- Жарылғанов Айдар – Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі
- Имашева Снежанна – Мәжіліс комитетінің төрайымы
- Караев Алипаша – Каспий университеті профессоры
- Қожаназаров Айдарбек – Мәжілістегі «Республика» фракциясының басшысы
- Құлшыманов Қанат – Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі
- Магеррамов Магеррам – Мәжілістегі «Қазақстан халық партиясы» фракциясының басшысы
- Малиновский Виктор – «Нархоз университеті» профессоры
- Нүкенов Абзал – Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
- Нұрмұхамедов Бөріхан – саясаттанушы
- Пан Наталья – «Парламентаризм институтының» директоры
- Перуашев Азат – Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясының басшысы
- Пономарев Сергей – Мәжіліс депутаты
- Рақымжанов Асхат – «ЖСДП» фракциясының басшысы
- Сәрсембаев Ерлан – Әділет министрі
- Сарым Айдос – Мәжіліс депутаты
- Чеботарев Андрей – «Альтернатива» орталығының директоры
- Шаймарданов Жандос – ҚСЗИ директоры
- Шапақ Үнзила – Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы
- Шаталов Никита – Мәжіліс депутаты
- Шибутов Марат – саясаттанушы, Ұлттық құрылтай мүшесі
- Ыбыраева Алуа – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы



