ЖаңалықтарШоу бизнес

«Құрбан шалып қайттық»: Қайрат Әділгерей Құрманғазы кесенесіне зиярат етті

Қазақтың ұлы күйші-композиторы жайлы пікірі үшін сынға ұшыраған Қайрат Әділгерей Ресейге арнайы барды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қайрат Әділгерей арнайы Алматыдан Ресейдің Астрахан облысы Алтынжар елді мекеніне барып, Құрманғазы бабамыздың кесенесінде зиярат жасады.

Ол ағаттық жасағанын мойындап, құрбан шалып, құран бағыштағанын жеткізді.

«Ассалаумағалейкум, құрметті Қазақ елі! Мен арнайы Алматыдан ат терлетіп, Ресейдің Астрахан облысы Алтынжар елдімекеніндегі Құрманғазы бабамыздың басына келдім. Осы ретте бүкіл қазақ жұртшылығынан, қазақ елінен, Құрманғазы атамызды ұрпақтарынан кешірім сұраймын. Осындай атамыз туралы қисынсыз сөз айтқаным үшін. Қазір атамыздың басына келіп, құран бағыштап, мал сойып, зиярат еткелі жатқан жайымыз бар», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде Қайрат Әділгерейдің Құрманғазыға қатысты пікірі тараған болатын.

«Құрманғазы туралы айтар болсақ, ол тіпті «разбойник» болған, былай айтқанда «по-черному» жүрген. Исатай досы екеуі байлардан тартып алып, кедейлерге берген. Ал хоббиі күй тарту болған. Бірақ осындай дүниелердің бәрін біз зерделеп, аша алмай жатырмыз. Киноларымызда да дәріптелмей келеді», — деген еді әзілкеш.

Өз кезегінде Құрманғазы Сағырбайұлының ұрпақтары шоуменді сотқа беретіндерін мәлімдеп, ресми кешірім сұрауды талап еткен.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қайрат Домбаев (@kairat_adilgerey)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button