
Курчатовта мас әйел тұрақтағы көліктерді соқты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Курчатов қаласында жүргізуші куәлігі жоқ әйел адамның қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ол алкогольдік масаң күйде жұбайына тиесілі автокөлікті тізгіндеп, тұрақта тұрған бірнеше көлікке соғылған.
Оқиғадан кейін қатысушылар медициналық тексеруден өтті.
Сараптама әйелдің орташа дәрежеде мас болғанын растады.
Сонымен қатар, көлік иесі — оның жұбайы да мас күйде болғаны анықталды.
Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, іс сотқа жолданды.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.



