
Қазақстанның жаңа заң шығарушы органы жұмысын бастауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші шақырылымдағы алғашқы сессиясын 28 тамызда Астанада өткізуді белгіледі.
Отырыстың басталу уақыты – сағат 11:00.
Бұл жиынға сайлауда мандат алған 145 депутат қатысады. Олардың құрамы сайлау нәтижесіне қарай партиялар арасында бөлінді. Орталық сайлау комиссиясының 25 тамыздағы қаулысына сәйкес, ең көп орын «Әділет» партиясына тиесілі – 110 мандат. «Ауыл» 10, Respublica 9, «Ақ жол» 8, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 8 орын алды.
Осылайша Құрылтайдың толық құрамы алғашқы сессия қарсаңында белгілі болады.
Заң бойынша Құрылтай депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды жүйемен сайланады.
Ал алғашқы сессияның ашылуы жаңа шақырылымның ресми түрде жұмысқа кірісетінін білдіреді. Конституцияда Құрылтайдың өкілеттігі дәл осы алғашқы сессия ашылған сәттен басталатыны көрсетілген.



