Жаңалықтар

Құрылыс министрлігі «келер жылы баспана бағасы арзандай ма?» деген сауалға жауап берді

Фото: ашық дереккөз

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов 2025 жылы тұрғын үйдің бір шаршы метрі қанша болатыны есептеліп жатқанын айтты, деп жазды qandastar.kz

Үкіметтің баспасөз орталығында министрдің орынбасарына «Келесі жылы тұрғын үй қымбаттауы мүмкін бе? Талдау жүргіздіңіз бе?» деген сұрақ қойылды.

Қуандық Қажкенов келесі аптада нақты баға белгілі болатынын жеткізді.

2024 жылы қазір әлеуметтік тұрғын үйдің бір шаршы метрі – 300-350 мың теңге. Бүгінде баға орталығымен (центр ценообразования) бірлесіп, 2025 жылға бағаны қарастырып жатырмыз. Осы аптада баға белгілі болады. Ол бойынша баға осы диапазонда қалады. Қосымша ақпарат осы жұманың соңында шығады. Қазақстан бойынша құрылыс материалдарының бағасына қатысты ақпаратты жинаған соң толық ақпаратты берейік. Себебі, үйдің бағасы құрылыс материалдарына байланысты ғой. Қазір бағаға талдау жүргізіп жатырмыз, – деді вице-министр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close