Жаңалықтар

Құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандар Антикордың бақылауында болады

Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің аумақтық департаменттері 44 проблемалық нысан құрылысының бітуіне ықпал етті, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Қадағалаудың арқасында сумен қамтамасыз ету объектілері, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мектептер, медициналық объектілер, тұрғын үйлер, жолдар, көпір, бөгет гидроторабы мен қазандықты реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Айталық Астана қаласында, Ақтөбе мен Батыс Қазақстанда – 10, Қызылорда және Түркістан облыстарында 4 мектептің құрылысы бітті.

14 ауылда, оның ішінде Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында су құбырларының құрылысы аяқталды. Олардың жұмысы бір жылдан үш жылға дейін созылған.

Бұған дейін atamekenbusiness_qaz  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік 125 нысанның құрылыс жұмыстарын қадағалап отырғанын жазған еді. 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close