Отандық әнші Шахизада әлеуметтік желідегі парақшасына алғашқы махаббатымен бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Кеше тойға барып, сыныптастарыммен кездестім . Той керемет өтті. Бұл сезімді қайтейін деп әнді орындап тұрған менің мектептегі алғашқы махаббатым. Мен тұрмын күліп, оляяяя кинодағыдай болып кетпесін деп. Алғашқы бала Махаббаттарыңыз естеріңізге түсті ме?» — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр.
«Алғашқы махаббатыңызға үйленгеніңізде мықты дуэт болғандай екенсіздер», «Керемет сезім ғой жаным- ау. Алланың қоспағанын айтсайшы», «Әдемі жігіт екен, талантты өзі, даусыда тамаша, сол мектепте жүрген болар» және «Екеуіңіз күшті дуэт болар ма едіңіздер, әнді жақсы айтады екен» деп жазып жатыр олар.



