Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов «Таңшолпан» бағдарламасында Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірдіі, деп жазады qandastar.kz. ақпараттық агенттігі b1rinshibol парақшасына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, спорт тарихында бірінші талдау теріс нәтиже көрсетсе де, екінші сынамадан кеткен спортшылар болған.
«Допингке қарсы екінші сынама тапсырып, одан өткен спортшылар болған. Сондықтан асықпайық, тағы бір сынаманың көрсеткішін күтейік», -деді Ермахан Ибраимов.
Айта кетейік, 6 желтоқсанда өтуі тиіс болған Эрисланди Лара мен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы арасындағы үш чемпиондық белбеу үшін айқас кейінге қалды. Бұған VADA-ның Жәнібектің сынамасынан тыйым салынған мельдоний анықтағаны себеп болды.
Premier Boxing Champions жедел түрде Әлімханұлының орнына жаңа қарсылас бекітті. Енді Лара 34 жастағы колумбиялық Йохан Гонсалеспен (36-4, 24 KO) жұдырықтасады.



