Жаңалықтар

Құтқарушылар 3 жасар қыздың саусағынан тар сақинаны алды (видео)

Фото: ашық дереккөз

Құтқарушылар 3 жасар қыздың саусағынан тар сақинаны алып тастауға көмектесті, деп  хабарлайды  Qandastar.kz.

Ерекше жағдай бүгін Ақтөбе қаласында орын алды. Сақина баланың саусағын қысып, оны көмексіз шеше алмаған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналында хабарлағандай,  Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қысқа уақыт ішінде қыз баланы жарақаттамай, арнайы сым кескіштермен саусағын босатты.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз, құтқарушылар әрдайым көмекке келуге дайын, – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close