Жаңалықтар
«Қуыққа әмір жүрмейді»: Журналист Диас Нұрақын қоғамдық дәретханалардың жұмыс уақытына шағымданды
Фото: әлеуметтік желіден
Журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында трассаның бойында орналасқан қоғамдық дәретханалардың жұмыс уақытын шектеп қойғанына шағымданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, Арқарлы асуындағы дәретхана таңғы 09:00-дан бастап қана жұмыс істейді екен.
Алматыдан Алакөлге кетіп бара жатырмыз. Таңғы сағат 06:00. Мынау Арқарлы асуындағы «ҚазАвтоЖол» салған дәретхана. Артта жүрген аула тазалаушы «дәретхана 09:00-да ашылады» дейді. Осылар қызық ей?! Бір банк, ХҚКО немесе дәмхана секілді. Дәретхана деген 24 сағат бойы істемей ме?! Себебі, қуыққа әмір жүрмейді, айналайындар. Түсінбейсің осыларды, «дәретхана 09:00-да ашылады» деген не сөз, – дейді журналист.