Жаңалықтар
Қылмыскерлер Telegram-ды енді теріс мақсатта пайдалана алмайды
Фото: ашық дереккөз
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров платформа ережелеріне өзгерістер енгізгенін хабарлайды. Бұл туралы ол өз арнасында жазды, деп хабарлады Qandastar.kz.
Бұдан кейін Telegram өкілдері мемлекеттік органдардың сұранысы бойынша құқыққа қайшы контенттерді өшіруге дайын екенін мәлімдеді.
«Қылмыскерлердің Telegram арнасын теріс мақсатта пайдаланбауы үшін біз бүкіл әлем бойынша қызмет көрсету шарттары мен құпиялылық саясатын жаңарттық. Бұдан кейін тиісті органдар ереже бұзғандардың ІР мекен-жайлары мен телефон нөмірлерін заңды сұрау салуға байланысты ашып көрсете алатынын анық түсіндірдік», – деп жазды Павел Дуров.
Телеграм негізін қалаушысының айтуынша, бұл шаралар платформаның тұтастығына қауіп төндіретін қылмыскерлерді жолдан тайдыру мақсатында қолған алынған.
Одан бөлек, Дуровтың мәлімдеуінше, модераторлар тобы күмәнді контенттердің барлығын бұғаттамақшы.
Айта кетейік, Telegram мессенжерінің иесі, миллиардар Павел Дуров Париж әуежайында ұсталып, қамауға алынғанын хабарлағанбыз.