Жаңалықтар

Қылмыстық кодексте жаңа бап пайда болды

Фото: ашық дереккөз

Мәжілісте кейбір заңнамалық актілеріне “сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша” және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды, деп жазды qandastar.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, өзгерістер мен толықтырулар «жедел-іздестіру қызметі туралы» заңға түзетулер енгізуді көздейді.

«Заңға енгізілген түзетулер бопсалау белгілері болған кезде заңсыз сыйақы алу фактілерін анықтау мақсатында арнайы жедел іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қылмыстық кодекс сыйақыны заңсыз бергені үшін жауапкершілікті көздейтін 247-1-баппен толықтырылады», – деді Сарқұлов мәжіліс отырысы кезінде.

Антикор төрағасының бірінші орынбасары атап өткендей, бұл тек алушыларды ғана емес, заңсыз сыйақы берушілерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close