Жаңалықтар

Қырғыстан президентінің жас қыздармен түскен ЖИ суреттері тарады

Бішкек қаласында жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған суретке байланысты блогер Акумаға айыппұл салынды. Бұл туралы Threads әлеуметтік желісінде адвокат Шердор Абдыкапаров мәлімдеген, деп жазады qandastar.kz.

Адвокаттың айтуынша, әлеуметтік желіде блогердің Садыр Жапаровпен бірге түскендей болып көрінетін, жасанды интеллект көмегімен жасалған фотосуреттері тараған.

«Мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды», – деп жазды ол бастапқы жазбасында.

Кейінірек Шердор Абдыкапаров блогердің Октябрь аудандық сотына жеткізілгенін хабарлады. Сот шешімімен Акумаға 5 500 сом көлемінде айыппұл салынды. Бұл сома шамамен 32 мың теңгеден асады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button