Әлем жаңалықтары
Қырғыз бапкері: Қазақтарда намыс болса, жеңісті тойламас еді
Фото: ашық дереккөз
Қырғызстан құрамасының көкпар жетекшісі Ерлан Абдыкапаров Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы финалдық матчтан кейінгі әсерін бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz Sport.akipress.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы шешуші кездесу 12 қыркүйекте өтіп, Қазақстан құрамасының 5:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
«Біз әділетсіздік болатынын білдік, бірақ мұндай дәрежеге жетеді деп ойлаған жоқпыз. Төрешілер бізді балағаттап, полиция мен арнайы жасақ ойыншыларымызды ұрып-соқты. Маған бір ҰҚК қызметкері келіп, куәлігін көрсетіп, суретке түсіріп, халықтар арасындағы араздықты қоздырып жатырсың деп қорқытты. Қысым өте қатты болды. Есеп 3:1 болған кезде бізді қайтадан ойнауға шақырды және төрешілер әділ болады деді.
Алайда, екінші таймда бізді әділетсіз төрешілікпен ұтқызды. Біз Қазақстан жағы мұндай ұйымдаспаушылық пен әділетсіздікке жол береді деп ойламадық. Егер оларда намыс болса, осындай жеңісті тойламас еді.
Біздің жігіттер қолдан келгеннің бәрін жасады. Мен үшін бұл 12 ойыншы – чемпиондар», – деді Ерлан Абдыкапаров.