Жаңалықтар

Қырғызстан Қазақстаннан барған 302,4 мың дана жұмыртқаны кері қайтарып жіберді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстаннан бара жатқан өнім шекара бекетінен ары өте алмады. Бұл туралы Қырғызстанның Cу ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

«Ақ-Тілек» өткізу бекетінде шекаралық ветбақылау инспекторлары тауарларды тексеру барысында Қазақстаннан Қырғыз Республикасының аумағына 302 мың 400 дана тауық жұмыртқасын өткізу кезінде ЕАЭО ветеринариялық-санитариялық ережелерінің бұзылғанын анықтаған.

«Ақ-Тілек» өткізу бекетінің инспекторлары жүкті тексеру барысында тауық жұмыртқасында таңбалау жоқ екенін, сондай-ақ жүк тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптар сақталмағанын анықтады.

«Ақ-тілек» бақылау бекетінің инспекторлары тарапынан тиісті кері қайтару актілері жасалып, жүк сол бекет арқылы Қазақстанға қайтарылды, – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close