Қырғызстанда саясаткерлер ел астанасын Бішкектен Манас қаласына көшіруді ұсынған, деп хабарлайды Qandastar.kz АКИpress басылымына сілтеме жасап.
“Егер біз соған лайық болсақ, неге болмасын, бұйырса, болады. Ол үшін қаланы да, халықты да дайындау қажет, психологиялық тұрғыдан дайын болуымыз керек. Астана болу оңай емес. Қалаға көп қаржы бөлу, оны жаңарту қажет. Өздеріңіз көріп отырсыздар, барлық жерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қаланы заманауи ету керек”, – деді Ташиев.
Оның айтуынша, Манас республикалық маңызы бар үшінші қалаға айналады. Сондай-ақ Ташиев қаланың атауын өзгерту стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім болғанын атап өтті.
Айта кетейік, 17 қыркүйекте Жалал-Абад қаласының атауы ресми түрде Манас қаласы болып өзгертілді. Президент Садыр Жапаров тиісті заңға қол қойды.