Әлем жаңалықтары

Қырғызстандағы жер сілкінісі Алматыда сезілді

Фото: earth.com

Қырғызстандағы жер сілкінісі Алматыда сезілді, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының мәліметінше, жер дүмпуі 7 маусым сағат 8:33-те тіркелген.

«Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық стансалар желісі 2025 жылы 7 маусымда Астана уақытымен сағат 8:33-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің координатасы: 41.008 N 75.278 E», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан.

Министрлік мәліметінше, жер сілкінісі Алматыда екі балл болды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close