2026 жылдың қыркүйек айында қазақстандықтар үшін қосымша мерекелік демалыс күндері қарастырылмаған. Бұл туралы eGov.kz платформасында жарияланған ресми өндірістік күнтізбеде көрсетілген, дейді Qandastar.kz.
Алғашқы күзгі айда мемлекеттік немесе ұлттық мерекелердің болмауына байланысты жұмыс және демалыс күндерінің тәртібі өзгермейді.
Бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер қыркүйекте 8 күн демалады. Олар: 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 қыркүйек.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс тек жексенбі күндеріне сәйкес келеді. Осылайша, қыркүйек айындағы жұмыс кестесі қалыпты режимде сақталады.



