Әлем жаңалықтары

Қырымда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты

31 наурыз күні Қырымда Ресей Қорғаныс министрлігінің Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ техникалық ақауға байланысты жартасқа соғылған. Борттағы барлық 29 адам қаза тапқан, оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

31 наурыз күні Қырым аумағында Ресей Қорғаныс министрлігіне тиесілі әскери ұшақ апатқа ұшырап, борттағы барлық адамдар көз жұмды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Ан-26 әскери-көлік ұшағы жартасты аймаққа соғылған. Ұшақпен байланыс Мәскеу уақыты бойынша шамамен сағат 18:00-де үзілген. Сол сәтте әуе кемесі Қырым үстімен жоспарланған бағыт бойынша ұшып бара жатқан.

Ресей Қорғаныс министрлігі ұшаққа сыртқы әсер болмағанын мәлімдеді. Құтқару топтары апат орнына жетіп, ұшақ қалдықтарын тапқан.

Ресми дерек бойынша, ұшақта болған 6 экипаж мүшесі мен 23 жолаушы түгел қаза тапқан.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр.

Back to top button