Әлем жаңалықтарыҚаржы және төлемдер

Қытай АҚШ тауарларына қарымта БАЖ салығын енгізд

Фото: ашық дереккөз

Қытай АҚШ тауарларына қарымта баж салығын енгізді, деп жазды qandastar.kz

Бейжің мен Вашингтонның арасындағы сауда байланысы шиеленісе түсті. Қытай АҚШ-тың кейбір ауыл шаруашылығы өнімдеріне 10% және 15% баж салығын енгізді. Бұл туралы Қытайдың сауда министрлігі хабарлады. Енді АҚШ-тан әкелінетін тауық еті, бидай, жүгері және мақта 15%-дық баж салығына ұшырайды. Соя бұршақтары, шошқа еті, сиыр еті, теңіз өнімдері, жемістер, көкөністер мен сүт өнімдерінің бағасы 10%-ға қымбаттайды. Осылайша Аспан асты елі Ақ үйдің біржақты баж салығына наразылығын көрсетті. 15 америкалық компания экспорттық бақылау тізіміне енгізілді. Олардың қатарында Leidos, Gibbs&Cox, IP Video Market Info, Sourcemap, Skydio секілді компаниялар бар. Тағы 10 ұйым сенімсіз деп танылды. Айта кететіні, АҚШ президенті Дональд Трамп 4 наурыз күні Қытайдың тауарларына салынатын тарифті 10%-дан 20%-ға дейін көтерген болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close