Қытай технология саласында маңызды жетістікке қол жеткізіп, болаттан 10 есе берік T1200 көміртекті талшығын жаппай өндіруді бастады. Бұл туралы Zakon.kz мәліметіне сүйенген Qandastar.kz сайты хабарлады.
Liber Tatea басылымының хабарлауынша, Қытайдың ұлттық құрылыс материалдары корпорациясы (CNBM) жаңа материалды зертханалық деңгейден өндірістік кезеңге сәтті өткізіп, жылына 100 тоннаға дейін өнім шығара алатын қуатқа ие болған.
Аталған жетістікке ғалымдар 20 жылдан астам жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде қол жеткізді. T1200 талшығының беріктігі 8 гигапаскальдан асады. Оның мүмкіндігін дәлелдеу үшін мамандар диаметрі 2 мм-ден аз, 120 мың жіптен құралған кабель жасап, сол арқылы 54 жолаушысы бар автобусты тартып көрсетті.
Бұл материал тек аса берік қана емес, сонымен қатар өте жеңіл: оның салмағы болаттың төрттен біріне ғана тең. Сондықтан ол салмақты азайтып, қауіпсіздікті сақтауды талап ететін салаларда кеңінен қолданылуы мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, Қытайдың көміртекті талшық өндірісін дамытуы жаһандық нарықтағы бәсекені күшейтеді. Бұған дейін АҚШ-та қозғалтқыш пен батарея негізінде жұмыс істейтін алғашқы гибридті ұшақ жасалғаны да хабарланған болатын.