Жаңалықтар

Қытай ғалымдары Нипах вирусына қарсы тиімді дәрі тапқанын мәлімдеді

Қытайлық ғалымдар емі жоқ әрі өлім-жітімі жоғары Нипах вирусына қарсы тиімді препарат тапқанын жариялады. Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады, деп жазды Qandastar.kz.

Зерттеушілердің айтуынша, бастапқыда COVID-19 індетін емдеуге арналған вирусқа қарсы препарат аса қауіпті Нипах вирусына қарсы да әлеуетті түрде тиімді болуы мүмкін.

Олардың пікірінше, аталған дәрі Нипах вирусының өршуіне тосқауыл қойып, вакцинасы мен арнайы емі жоқ қауіпті індеттің таралуын тежеуге көмектеседі.

Ухань вирусология институтының мамандары ауыз арқылы қабылданатын бұл препаратты Нипах вирусынан туындайтын инфекциялардың алдын алу және емдеу бағытындағы «үміт күттіретін кандидат» деп бағалады.

Ғалымдардың дерегінше, Нипах вирусын жұқтырғандардың арасындағы өлім-жітім деңгейі 75 пайызға дейін жетуі мүмкін. Жуырда Үндістанның Батыс Бенгалия штатында тіркелген індет кезінде кемінде бес адамнан бұл вирус анықталған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button