Жаңалықтар
Қытай Қазақстанға АЭС салу құнын Ресейге қарағанда екі есе арзанға ұсынды

Фото: pixabay.com
Қытай Қазақстанға атом электр станциясын салуды Ресейге қарағанда екі есе арзан бағаға ұсынды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Stan.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қытайдың Ұлттық ядролық энергетикалық корпорациясы (CNNC) құрылыс картасын тікелей көрсетті.
“Жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын екі hpr-1000 реакторы, құны 550 миллион АҚШ долларына бағаланған. Ресейлік «Росатом» бұл жоба үшін 1,2–1,5 миллиард доллар сұрады. Бұл екі есе қымбат! — деп жазады Toutiao авторы.
Бұл туралы OilPrice сарапшылары да жазады.
Бұған дейін Қазақстан атом электр станциясын салу үшін әлеуетті мердігерлердің қысқа тізімін жасады. Оған CNNC-тен басқа ресейлік «Росатом», оңтүстік кореялық KHNP (Korea Hydro & Nuclear Power) және француз EDF (Électricité de France) кірді. Олардың арасындағы таңдау «экономикалық орындылық, технологиялық сенімділік және экологиялық қауіпсіздікке» қарап жасалатыны атап өтілді.
Қазақстанның Энергетика министрлігі ұсынылған нұсқаларды зерттей келе, атом электр станциясының (АЭС) құрылысы 10–15 миллиард доллар көлемінде қаржыны талап ететінін мәлімдеді. Алайда 2024 жылдың соңында елдің бірінші вице-премьері Роман Скляр материалдар мен қызметтердің қымбаттауына байланысты бұл сома 1,5 есеге дейін өсуі мүмкін екенін ескертті.