Жаңалықтар

Қытайда ұшатын такси пайда болды

Жуырда Foxbusiness.com порталы қытайлық EHang Holdings компаниясының ұшатын көлік жасап шыққанын жазды, деп хабарлайды Qandastar.kz. Компания бір қуатпен 100 мильден (160 км) астам қашықтықты ұша алатын жолаушыларға арналған ұшатын такси – VT35 моделін таныстырған.

Белгілісі, компания таныстырылымы Аньхой провинциясының Хэфэй қаласында ұйымдастырылған. Бұл такси тік ұшып-қона алатын электрлі ұшақтардың (eVTOL) ұзақ қашықтыққа арналған жаңа түрі.

«Бұл құрылғы қалалар арасындағы әуе қатынасын қауіпсіз, ыңғайлы және тиімді көлік құралына айналдыру үшін жасалды», – делінген компанияныңбаспасөз хабарламасында.

VT35 – екі адамға арналған автономды басқарылатын ұшатын аппарат. Оның ерекшеліктері:

  • – Электрлі қозғалтқыш пен автономды басқару жүйесі бар;
  • – Тік ұшып-қона алады – яғни шатырлар, автотұрақтар немесе басқа да шағын алаңдарға қонуға мүмкіндік береді;
  • – Іші кең әрі жайлы, терімен қапталған салон және сенсорлы экран орнатылған. Бұл панель әрі мультимедиа орталығы ретінде қызмет етеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button