Әлем жаңалықтары
Қытайда жаңа вирус таралып жатыр
Фото:AP Photo Emily Wang
Қытай ауруханаларында жатқан науқастардан тұмау, риновирус және адамның метапневмовирусы анықталды. Бұл туралы qandastar.kz Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы ақпаратына сәйкес, 23-29 желтоқсан аралығында елдің ауруханаларынан тұмау белгілері бар науқастардан сынамалар алынған. Алынған сынамалардың нәтижесінде тұмау вирусы, адамның метапневмовирусы және риновирусы анықталған. Сонымен қатар аурушаңдық деңгейінің артқаны байқалған. «Нәтижелерді талдау жұқпалы респираторлық аурулардың қазіргі уақытта тұрақты түрде көбейіп жатқанын көрсетіп отыр», – деп хабарлайды департамент. Дегенмен түрлі қоздырғыштардан туындаған инфекциялардың таралу деңгейі әртүрлі екені де атап өтілді. Ел бойынша амбулаториялық және жедел жәрдем клиникаларында тұмау вирусының оң деңгейі өткен аптамен салыстырғанда 6,2 пайызға өсті. Ел бойынша амбулаториялық және жедел жәрдем клиникаларында тұмау вирусының саны өткен аптамен салыстырғанда 6,2 пайызға артқан. Ал адамның метапневмовирусы мен риновирусының оң сынамалары азайған.
Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы азаматтарды маусымдық вирустық инфекциялардан сақтану үшін жеке гигиенаны сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға және көп адам жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде киюге шақырады. Сонымен қатар иммунитеті әлсіз және егде тартқан адамдарға уақытылы вакцина алу ұсынылады.