Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Қытайдағы қандастар елге оралуда
Фото: ашық дереккөз
Қандастарды қабылдау квотасы ұлғайды. Биыл 8 758 қандас елге оралды. Көбі – Қытайдан, – деп хабарлайды qandastar.kz.
Қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты қабылдау квотасы 600-ге ұлғайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті қаулыға өзгеріс енгізді. Соған сәйкес, өңірлік квота саны 2433-тен 3033-ке көтерілді. Ал қоныс аударушылардан бұрынғыдай 6500 емес, 7055 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Бұйрық 24 тамызда күшіне енеді.
Жалпы 1991 жылдан бері 1 млн 137 мың қандасымыз елге оралды. Биыл 8 758 этникалық қазақ қоныс аударды. Оның басым көпшілігі Қытайдан келді.