Қытайдың бірнеше қаласында «Аңдар шаһары» мультфильмі ерекше форматта көрсетілуде. Көрермендер залға өздерінің үй жануарларын бірге барып жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі rasdaily.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Арнайы көрсетілімдер қарашаның соңынан бастап Шанхай, Бейжің, Гуанчжоу, Шэньчжэнь, Чэнду, Ухань, Наньцзин, Сиань, Чунцин, Циндао, Сучжоу, Ланьчжоу және басқа да ірі қалаларда өтіп жатыр.
Көптеген кинотеатрлар мұндай форматты тек бірнеше күнге ғана жоспарлаған. Алайда елдегі ірі желілер – Wanda мен Perfect World көрермен сұранысы жоғары болса, арнайы киносеанстарды желтоқсанның ортасына дейін жалғастыруға дайын екендерін мәлімдеді.



