Қытайда үйленбеген балаларына алаңдаған ата-аналар әр сенбі сайын неке базарына жиналады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі ztb_kazakhstan парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ерекше шарада олар өз ұл-қыздарына өмірлік жар табу үшін түрлі мәліметтері жазылған профильдерді қарап шығады.
Неке базары нақты өмірдегі онлайн танысу платформасына ұқсайды: мұнда жүздеген анкеталар ұсынылады. Онда үміткерлердің жынысы, бойы, кәсібі, салмағы, табысы секілді негізгі мәліметтер көрсетіледі. Ата-аналар осы ақпараттарды салыстырып, балаларына лайықты жұп іздейді.
Қытай қоғамындағы некеге қатысты қысым мен жас ұлғайған сайын отбасын құруға деген алаңдаушылық мұндай шаралардың әлі күнге дейін танымал болуына себеп болып отыр.



