Әлем жаңалықтары

Қытайлық электрондық коммерция алпауыттары қызметтерін біріктірді

Фото: ашық дереккөз

Қытайлық Alibaba және JD .com компаниялары өздерінің интернет платформаларында бір-біріне жеткізу қызметтерін ұсынатын болады, деп  хабарлайды  Qandastar.kz.

JD .com логистикалық қызметтері Alibaba-ның Taobao және Tmall сайттарында қазан айының ортасынан бастап қолжетімді болады. JD .com өз кезегінде Alibaba бөлімшесі Cainiao логистикалық компаниясының сәлемдемелерді жеткізу және сақтау қызметтерін біріктіреді.

Сондай-ақ JD .com платформаға Alipay төлем жүйесін қосады. Бұл 11.11 сауда фестиваліне дейін болады деп күтілуде.

Екі компанияның қызметтерді біріктіруі 27 қыркүйектен басталды. Бұл күні Tencent-ке тиесілі WeChat Pay арқылы Taobao және Tmall қызметтерінде төлем жасау мүмкін болды. Alibaba және Tencent жылдар бойы бәсекелес болып келеді және бұрын өз платформаларында бір-бірінің қызметтері мен өнімдерін пайдалануға тыйым салған-ды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close