Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Қытайлық кәсіпкер: Қазақстанда жол полицейлері ереже бұзғаның үшін 100 мың сұрайды

Алматыға жақында Қытайдан келген кәсіпкер жол полициясы қызметкерлері тарапынан қысым көргенін мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы facebook желісіндегі Кyn.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кәсіпкердің айтуынша, жүргізушілер-інілерім жаңа қалада бағыттан жаңылып, айналмалы жолда шатасқан. Сол сәтте оларды тоқтатқан жол-патрульдік полиция қызметкерлері алдымен 200 мың теңге талап еткен, ал ақша бермеген жағдайда көлікті айыптұраққа апарамыз деп қорқытқан көрінеді.

Көліктің айыптұраққа кетпеуін қалаған жігіттер ақыры 100 мың теңге беруге мәжбүр болған. Ақшаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері оларды жіберіп жіберген.

Шетелдік кәсіпкер болған жағдайды түсініксіз әрі жағымсыз тәжірибе ретінде сипаттап, мұндай оқиғалар елге жаңа келген азаматтардың Қазақстан туралы пікірін бұрмалайтынын жеткізді.

Қазіргі таңда бұл жағдай бойынша ресми органдар пікір білдірген жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button