Жаңалықтар

Қыз алып қашу – әзіл емес: Атырауда пранк жасаған жігіттер жазаланды

Атырауда қыз алып қашқандай болып, бейнепранк түсірген үш жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады qandastar.kz.

Полиция мәліметінше, олар қоғам тыныштығын бұзып, «ұсақ бұзақылық» бабымен айыпталған. Сот шешімімен әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оқиға кафелердің бірінің алдында болған. Қыз арызданбаған, бірақ бейнежазба, фотоматериал арқылы кінәлары анықталған.

Құзырлы орган өкілдері мұндай «әзілдердің» қоғамдық тәртіп пен адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button