Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттегі трагедияға, 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Kazinform Telegram-арнасына айтына сілтеме жасап хабарлайды.
— Нұрай қауіп-қатерге ұшыраған. Осыған байланысты мен Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокуратура да жеке тексеру жүргізуде, — деді Президент құрылтай отырысында.
Тоқаев атап өткендей, «қыздарды ұрлау – қатыгез қылмыс» және мемлекет азаматтарды қорғау мен кінәлілерді жазалау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.



